76
KK LivingWhites пайдалану нұсқаулығы
Philips LivingWhites шамын басқару штекерін сатып алғаныңызға рахмет! Бұл штекер
шамды Philips LivingAmbiance өніміне жалғап, жағдайға қарай ыңғайлы жарық жасауға
мүмкіндік береді.
Бұл нұсқаулық мына әрекеттерді орындауға көмектеседі:
1. Жұмысты бастау
2. Шамды Philips LivingAmbiance өніміне жалғау
3. Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру
4. Қосымша қолдау алу
1. Жұмысты бастау
1. Штекерді орамасынан шығарыңыз
2. Қосқыш көмегімен жұмыс режимін таңдаңыз:
a. “DIM” шамда күңгірттенетін лампа болған жағдайда қолдануға
болады. Бұл режим көмегімен Philips LivingAmbiance өнімінің
мүмкіндіктерін толық қолдануға болады
b. “ON/OFF” шамда күңгірттенбейтін лампа немесе шамның сенсорлы
күңгірттеу құралы болғанда қолданылады. Бұл режим шамды Philips
LivingAmbiance өніміне жалғап, реңктердің бір бөлігі болуына
мүмкіндік береді.
3. Шамның штекерін LivingWhites штекеріне салып, LivingWhites штекерін
розеткаға жалғаңыз.
2. Шамдарды жалғау
Енді шамды Philips LivingAmbiance қашықтан басқару құралымен байланыстыруға
болады. Нақтырақ айтқанда, келесі құралдармен байланыстыруға болады:
- жарық таңдау түймелері (үшбұрышты көрсеткілер) бар Philips LivingColors қашықтан
басқару құралы
- Philips LivingWhites қашықтан басқару құралы
- Philips LivingAmbiance қашықтан басқару құралы
Жоғарыдағы қашықтан басқару құралдары үшін жұмыс тәртібі бірдей:
1. Қашықтан басқару құралын LivingWhites штекеріне жақындатыңыз.
2. Қашықтан басқару құралындағы “I” түймесін басып тұрыңыз. Шам жыпылықтай
бастайды. Қашықтан басқару құралы сигнал бергенше және лампа екі рет жылдам
жыпылықтағанша, “I” түймесін басып тұрыңыз.
LivingWhites штекерін қашықтан басқару құралынан ажырату керек болса, қашықтан
басқару құралын штекерге жақындатып, сигнал берілгенше, “0” түймесін басып
тұрыңыз. Жарық кемінде екі рет жыпылықтап, сөнеді.